Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қызғана беретін”. Гүлбаршын Тергеубекова неге ажырасқанын айтты (видео)

487

“Қазақстан” арнасының “Бақытты әйел” бағдарламасына берген сұхбатында Гүлбаршын Тергеубекова Дидар Амантаймен ажырасып кетуінің себебін ашып айтты.

“Мен екінші рет тұрмыс құрам деп ойлаған жоқпын. 13 жыл отырдық, Құдайға шүкір. Қызымыз бой жетті. Бағлан қайтқанда қызым 4 жаста, ұлым 8 айлық болатын. Екеуі де ер жетіп, қазір қызымыз Құдайға шүкір студент. Алтын белгіге бітірді, ешқандай өкпем жоқ. Өнеріммен қатар, балаларыма көңіл бөліп, бос уақытымда балаларыммен айналысуға тырыстым. Өйткені балалар біздің болашағымыз”, – деп бастады сөзін әнші.
https://kaz.365info.kz/shaldarga-dejin-khyryndajdy-azhyraskhan-khyzdyn-myny-266008
13 жыл бойы ұлы мен қызын жалғыз өзі тәрбиелеген әнші кей кездері өзін жалғыз сезініп, арқа сүйер азаматының болғанын қалаған. Сол шақта жазушы Дидар Амантай оған қайта-қайта өлең арнап, үш жыл бойы сезімін селт еткізуге тырысқан.

“Жалғыздықтан адам кейде шаршайды. Дидар өлеңдерін жазып, соңымнан үш жылдай жүрді. Бірақ екеуміздің ажырасып кетуімізге Дидардың қызғанышы себеп болды. Ол мені кез келген жерде қызғанып отыратын. Ол өнер адамына өте қиын. Ондай кезде сен өнеріңді халыққа көрсете алмайсың. Оған еш өкпем жоқ.

Дидар маған бөтен емес. Менің жерлесім, екеуміз бір елдің азаматымыз, Қарқаралының тумасы. Дидарды білмейтін қазақ жоқ. Жазушылығы бір төбе, философ азамат. Рабия-Сұлтан Бегім дүниеге келді, әп-әдемі сұлу қыз болып өсіп келе жатыр. Енді Дидарға бақытты болсын деп айтқым келеді. Тек биік шыңдардан көрейік”, – дейді әнші.
https://kaz.365info.kz/opasyzdardy-keshiruge-bola-ma-255656
Екінші мәрте тұрмыс құрғаныма өкінетін сәттер аз болмайды, дейді әншінің өзі. Бұған Гүлбаршынның Дидар Амантаймен ажырасып кетуі ғана себеп емес. Әнші ақ босағаны аттар кезде бұрынғы қайын енесінің ақ батасын алмағанына өкінеді.

“Енем қарсы болды маған. Сол кезде ол кісіден рұқсат алуға дәтім бармады, соған өкінемін. Ол кісі басында мені қатты жақсы көретін. Әлі де араласамыз. Барып тұрамын, әңгімелесеміз. Бірақ өкпелетін алған сияқтымын, сонда да білдірмейді. Ішінде ғой ол кісінің. Оңай емес баласынан айырылғаны. Бір жағынан, екі немересін де ойлады. Кейде екі баламмен жүре беруім керек пе еді деп те ойлаймын. Бірақ Рабия-Бегімге қарап, барлығын ұмытып кетемін. Қызым да, ұлым да, барлығымыз кішкентайымыздың қылықтарына қараумен отырамыз”, – дейді әнші.

Дереккөз: Stan.kz
https://kaz.365info.kz/ara-at-ydyke-menen-b-ryn-bir-jelden-azhyras-an-238602

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз