Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Грантты қалай алуға болады?

Жеке ісін ашуға жәрдемдесу туралы мәселесімен Петропавл қаласының тұр­ғыны Индира Мұқанова қабылдауға келді. Қала тұрғыны стартап-жобалар кон­курсына қатысуға бел буған. Ол об­лыстық орталықта шаштараз ашуға жә­не 5 адамды жұмыспен қамтамасыз ету­ге ниеттеніп отыр. Әділхан Мұха­медья­ров кәсіпкерге конкурсқа қатысу қа­жеттігін айтты.
– Сізге өз ісіңізді бастамас бұрын кә­сіпкерлерге арналған курстан өтуді ұсынамыз. Себебі сізде бастапқы қара­жа­тыңыз жоқ. Ал оны «Даму» қорынан алу­ға болатынын және қор жас кәсіп­кер­ге 3 миллион теңгеге дейін беретін грант­ты қалай алуға болатынын білуіңіз ке­рек, – деп түсіндірді кәсіпкерлік бас­қар­масы басшысының орынбасары. Сон­дай-ақ ол қосымша қарызының ре­сім­делген жағдайда мөлшерлемесі жы­лына 7 пайызды құрайтынын қоса ай­т­ты.
Сонымен қатар қабылдауға Солтүс­тік Қазақстан мемлекеттік универ­си­те­тінің ұстазы Жайсан Мұхаметжанов жү­гінді. Жас маман бейнероликтер жа­сайтын кәсіп ашуды жоспарлап отыр екен. Ол Әділхан Мұхамедьяровтан осы «іс­ті ашу үшін университет Даму қоры­ны­ның грантына қатыса алады ма?» деген сұрақ қойды.
– Мұндай мүмкіндік жоқ, бірақ же­ке кәсіпкер ретінде істі жүргізетін тұл­ғаны тағайындауға болады. Мәселеңізді ше­шу үшін кәсіпкерлік және туризм бас­қармасына келуіңіз керек. Онда біз сіз үшін оңтайлы нұсқа таба аламыз, – деді Әділхан Мұхамедьяров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз