Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Грантқа ілікпеген түлектер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады

133

Студенттер мен түлектерге қолдау көрсету мақсатында білім беру кредиттерін кепілдендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске қосылған болатын. Осы бағдарлама бойынша оқуға түсетін түлек өзінің атына студенттік кредит ресімдей алады.

Студенттік кредит жылдық 10 пайыздық мөлшерлемемен 12 жылға дейін кепілсіз беріледі. Кредитті кейін төлейді. Оқу кезінде және оқуды бітіргеннен кейін 6 ай студент тек кредиттің пайызын өтейді.

Кредит түлектің немесе студенттің өз атына рәсімделеді. Оқуды бітіргеннен кейін борышты ол өзі өтейтін болады.

Қазақстанның кез келген қаласында бұл мүмкіндікті пайдалануға болады.

Кредит алатын студентке мынадай талаптар қойылады:

  • ҚР азаматтығы;
  • ҰБТ/КТ қорытындысы бойынша үлгерімі 50 балдан кем болмауы тиіс;
  • қоса қарыз алушы болуы керек.

Кредитті алу қадамдары:

  • құжаттар жинау және өз қалаңыздағы банкке бару;
  • оң шешім қабылданғаннан кейін банкімен шартқа қол қоясыз;
  • шартқа қол қойғаннан кейін ақша колледждің/жоғарғы оқу орнының шотына аударылады.

Бұл мәселе бойынша толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстан бойынша 8 800 080 28 28 тегін қауырт желісіне хабарласыңыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз