Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Гөзәлдә ұят жоқ…”. Елді шулатқан әйелдің қайынапасы жағдайдың қалай болғанын айтты (видео)

134

Sn.kz редакцияcына осы Гөзәлдің бұрынғы қайынапасымын деп хабарласқан әйел келінінің «былығын» әшкерелеген екен7 

Айтуынша, Гөзәл үш баласы мен күйеуін тастап, басқа жігітке кетіп қалған. Оның «бұрынғы күйеуім Камаладиннен таяқ жедім» деген әңгімесі де өтірік дейді ол. Көше кезіп, өзге еркектермен жиі сөйлесетіндіктен ескерту жасапты. Алайда, нәтиже шықпаған көрінеді.

Картинки по запросу Кемпірге үйленген

«Ол ауру шешесін тастап, 15 жасында тұрмысқа шығып кеткен тасжүрек ана. Енді 3 баласын тастап кетіп отыр. Ертеңгі күні біреуді бақытты қыламын деп ойлай ма?», – дейді өзін Катямын деп таныстырған маңғыстаулық әйел.

Камаладин болса туыс апасының бұл сөздеріне толық келісетінін айтады. «Айына 150-200 мың теңгені қолына әкеп ұстатып отырдым» дейді ол.

«Катя апаның айтып отырғаны шындық. 14 жыл сүйредім. Істеп отырғаны мынау. 3 баланы тасап, құжаттарын ұрлап кетті», – деп ағынан жарылды Камаладин есіді ер азамат.

Камаладин мен Гөзальдің ортақ некелерінен 2, 4, 6-сынып оқитын 3 баласы бар. Күйеуі әйелінің өзіне дейін де отбасылы болғанын айтты. 15 жасында науқас анасын тастап, тұрмысқа шығып, кейін онымен жараса алмай, ажырасып кетіпті.

 

Картинки по запросу Кемпірге үйленген

Ал, Катя апай күні кеше Атырауға Гөзальдің үйіне құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге барып, балалырының құжаттарын қайтарып алыпты. Жағдайларын өз көзімен көріп қайтқан Камаладиннің туыстары келіншектің кең үйден безіп, 1 бөлмелі жатақхананы таңдауына не себеп болағанын әлі күнге түсіне алмай әлек. 

Айта кетейік, осыдан 10 шақты күн бұрын Гөзәл мен Қанаттың беташардағы видеосы желіде қызу талқыға түскен болатын. Теларнаға берген сұхбатында Қанат әйелінің бұрынғы күйеуінен көп зәбір көргенін айтып, сәбилерін де өз баласындай бағатынын жеткізген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз