Түркиялық боксшы Авни Йылдырым 2017 жылғы маусымын сәтті бастады, ол шаршы алаңда беларусь боксшы Александр Сущицпен кездесті.
25 жастағы спортшыға қарсыласын жеңу үшін бірінші раунтың жартысы ғана жеткілікті болды, – деп жазды vRINGe.com.
“Сущиц өте әкі боксшы. Алайда бокста соққы әлеуеті үлкен рөл атқарады. Тез аяқталған кездесуде Йылдырым оң қолымен жақсы соққы жасады, есеңгіреп қалған Александр бұрышқа тізерлеп отырып қалды. Сущиц реферидің 10-ға дейін санағанын күтіп, кездесудің аяқталғанын күтті, бірақ ол қатты есеңгіремеген секілді”, – деп жазады басылым.
“Авни оны жеңіп қана қоймай тістерін түгелдей қағып алады”, – деген болатын түркиялық промоутер.
https://www.youtube.com/watch?v=kf0CY7ZKw88