Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Головкиннің реванш алдында Альвареске қандай шарт қойғаны белгілі болды

Еске сала кетейік, бүгін, 26 мамырда  Альварестің командасы Головкинмен реванш өткізу бойынша келіссөздің неліктен тоқтағанын айтты. Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің сөзіне қарағанда, келіссөздер бейсенбіге дейін жақсы жүрген, алайда Головкиннің командасы өзінің жаңа талаптарын қойып, оны Гомес ерсі әрі қабылдауға келмейтін өрескел талаптар, деп атады. Головкин – Альварес реваншы 5 мамырда өтуі тиіс еді, алайда мексикалық боксшы допингке қатысты дауға тап болды. Альварес допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алты айға шеттетілді. Ол мерзім тамызда аяқталып, ол 15 қыркүйекте боксқа орала алады. Головкин “Канелоның” орнына Ванес Мартиросянмен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз