Нұр-Сұлтан
Қазір
-18
Ертең
-24
USD
460
-1.59
EUR
496
-3.61
RUB
4.93
-0.10

Головкин өзін жеңіп кеткен неміс боксшысына 25 мың евро берді

29 қыркүйекте өткен шараға 100 мыңдай адам қатысқан, оның ішінде спорт әлемінде жақсы таныс адамдар да бар. Ұйымдастырушылар 50 мың еуро жинапты, бұл қаражат Гуткнехттің отбасына беріледі. Ал Головкиннің өзі 25 мың еуро аударды.

Еске салайық, өткен жылдың қарашасында Гуткнехт Джордж Гроувзбен ауыр жекпе-жек өткізіп, кездесу аяқталысымен ауруханаға жатқызылған еді. Дәрігерлер оның басына қан құйылғанын анықтап, ота жасаған. Ал биыл сәуірде Гуткнехтің әйелі дәрігерлер көңіл толмайтын болжам жасап отырғанын жариялаған. Боксшы ауыр ми жарақатынан ешқашан жазыла алмайтыны белгілі болды.

Гуткнехт Головкинді әуесқой бокста жеңген. Бұл 2005 жылы Германиядағы Chemie Pokal турнирінде болған, неміс боксшысы қазақстандық ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз