Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль “Канело” Альварес қарымта жекпе-жек алдында допинг-сынамасын тапсырды, – деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Бұл жекпе-жек бойынша допинг-сынаманы VADA (Допингке ерікті тестілеу қауымдастығы) жүргізеді.
Боксшылар сынаманы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) “Таза бокс” бағдарламасы аясында тапсырды. VADA ұйымының твиттердегі ресми парақшасында Головкин сынаманы жетінші рет, ал “Канело” – алтыншы рет тапсырғаны жазылған.