Промоутер Том Леффлер 16 қыркүйекте Геннадий Головкин Сауль Альваресті жеңсе оның танымалдылығы арта түседі деп санайды.
Бұл туралы Вnews.kz хабарлайды.
«Бұл кездесуді көпшілік асыға күтуде. Геннадий үшін де арман болған жекпе-жек. «Канеломен» шаршы алаңда жұдырықтасу өзгелерінен мүлдем басқаша деңгейде болмақ. Жеңіске жетер болса жанкүйерлер саны да арта түсері анық. Жекпе-жекті тамашалағысы келетіндер 3 апта бұрын билетті сатып алды, ол 120-130 мемлекетте көрсетілетін болады», – деді Леффлер The Ring тілшісіне берген сұхбатында.