Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Головкин – Альварес екінші жекпе-жегінің негізгі шарттары келісілді – промоутер

“Бұл тағы да бір ұлы шайқас болады. Содан кейін тағы бір реванш өткізу дұрысырақ болатын шығар. Біз қазір екінші жекпе-жекті өткізу қамымен айналысып жүрміз, кейінірек үшінші жекпе-жек туралы сөз қозғауға да уақыт табылар. Мен “Канелоның” жеңетініне сенімдімін. Менің ойымша бірінші кездесуде сол кездесуде Альварес соңғы үш раундта Головкиннен басым болды. Жекпе-жекті қайталап көріп шығыңыз. “Канело” басым болды. Бұл жолы отандасымызға тіпті оңай болады. Бұл әрине оңай жекпе-жек емес, бірақ оның тәжірибесі бар. Біз келісімшартпен алмастық. Үш рет қарастырдық. Бейсенбі не жұмада соңғы рет қаралады деп ойлаймын. Негізгі шарттар келісілді. Тек аз-маз дүниелер қалды, әрине ол да маңызды, бірақ ең бастысы емес”, – деді Гомес.

“Қол қойылған келісімшарт қолымызға түскен жағдайда, жұмыстарды бастаймыз”, – деді промоутер жекпе-жектің қай қалада өтетіні жайлы сұраққа.

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы “Канелоның” пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз