Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Голливуд шақырды”. Домбырашы жігіттер шетелдік байқаудың бас жүлдесін ұтып алды (видео)

431

Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, домбырашылар байқауда «Күй тартыс» және «Евразия» күйлерін орындаған. Қорытындысында, қазақстандық музыканттар Голливудта өтетін үлкен әлемдік шоуға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

https://kaz.365info.kz/ojbaj-khajtedi-ej-khazakhtardy-korgen-sheteldikterdin-esi-shykhty-video-297606

«Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваға алғыс айтқымыз келеді. Қазақ өнерінің дамуы үшін әрқашан қолдау көрсетіп отырады. Топтың осы байқауға қатысуына барлық жол шығындарын өз мойнына алды»,- деп атап өтті Шәрімов.

«Восходящие звезды – 2018» музыкалық аспаптар мен вокалистер конкурсы 26 ақпан – 4 наурыз күндері аралығында Латвия астанасы Рига қаласында өтті. Байқауға 30 жасқа дейінгі жастар және балалар қатысты.

https://kaz.365info.kz/erkek-sikhymyz-khaldy-ma-ajtysker-akhyn-ajelderdi-khalaj-ornyna-khoyu-kerektigin-ajtty-301237

Айта кетейік, «Бастау» тобы 2017 жылы құрылып, әнші Димаш Құдайбергеннің Астана қаласында өткен «Бастау» концертінде тұсауы кесілген болатын.

„Күй тартыс„ – қазір әлемді қызықтырып отырған ұлттық өнер түрі. Оны тамашалаған адамдар мұндайды ешқай жерден кездестірмегенін, қазақтар бұл өнерін неге насихаттамай жүргеніне таң қалады. Оған мына видео да куә бола алады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз