Германияның Висбаден қаласында қазақ мәдениетін насихаттайтын ерекше дүкен ашылды. Оның иелері – Қазақстанда ұзақ жылдар өмір сүрген этникалық немістер.
Сауда нүктесінде азық-түліктен бөлек, қазақтың ұлттық рәміздері бейнеленген киімдер де сатылады. Дүкеннің басты ерекшелігі – ұлттық киім киген кассир қыз.
YouTube-қа жарияланған бейнеролик көпшіліктің жылы ықыласына бөленді. Желі қолданушылары дүкен иелерін қазақ мәдениетіне құрметпен қарайтын, мейірімді жандар деп бағалады.