Жол-көлік оқиғасы Баварияда 300 метрді қамтыған аумақта болды. Аталған оқыс оқиғаға орай полиция жолды 4 сағатқа жауып, нәтижесінде 7 километрге созылған кептеліс пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
«Сейсенбі күні таңертең Брайтенгюсбах ауданындағы А73 үлкен жолында үш рет үлкен жол апаты болды. Оларға барлығы 17 көлік себепші. Ал салдарынан 18 адам жарақат алды», – делінген хабарламада.
Мамандар оқыс оқиғаның салдарын 150 000 еуроға бағалап отыр. Үш оқиға бір-біріне жақын уақытта болды.