Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

“Георгий лентасы ма?..”. Министр Абаев даулы лентаға қатысты пікірін ашық айтты

134

Дәурен Абаев Георгий жолағы мен көгілдір лентаға қатысты жағдайға пікірін айтты.

“Бұл жағдайда біз кімнің не істеуі керек екенін айтпауымыз керек. Адамдар бірінші кезекте оны естелік ретінде тағуы тиіс (лентаны – Авт.). Жас буын көгілдір лентаны жақын қабылдайтыны белгілі, себебі мұның біздің елдің тәуелсіздігіне қатысы бар”, – деп атап өтті ол.

Министр Георгий жолағының 1941-1945 жылдары емес, 2000-жылдардың басында ғана Ұлы Отан соғысы символы болғанын еске салды.

“Бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ. Ең бастысы – ата-бабаларымызға деген қарым-қатынасымызды, оларға деген махаббатымыз бен құрметімізді сақтау”, – деп мәлімдеді министр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз