Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Геннадий Шиповских: Біз латын әліпбиіне көшпейміз – ораламыз

Әліпбидің екінші нұсқасын алғашқысынан гөрі қолдаушылардың басым екенін бақылап отырмыз. Бәрі де бірте-бірте орындалады. Сондықтан, ортақ жұмысты бірлесіп, жұмыла шешкен оңай деген ойдамын», – дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Астанада өткен «Жаңа әліпби – жаңғыру жолы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде.

Геннадий Шиповскихтің айтуынша, тоқсаныншы жылдардағы қиын кезеңдерде әліпбиді ауыстыру жұмысын көпшілік ойлай қойған жоқ. Себебі, дәл сол кезде Қазақстанның алдында заманның өзге де талаптары тұр еді.

«Алайда 25 жыл өткен соң дәл осы кезеңде әліпбиді ауыстыратын уақыт келді дегенге кәміл сенемін. Әр адам Қазақстанда қазақтың жерін басып жүргеннен кейін қазақ тілін білуі керек. Ешбір тілді шеттетпейміз. Қазақ бола тұра қазақ тілінде сөйлей алмайтындар да баршылық. Латын әліпбиі өз тілін білмейтін қазақтарға қазақ тілін меңгеруде керемет мүмкіндік деп ойлаймын. Сенат Төрағасы айтып өткендей, бұл тұрғыда қоғамның пікірін ескеруіміз керек. Себебі, ақылдасып пішкен тон келте болмайды», – дейді Геннадий Шиповских.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз