Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Гена жеңген, бірақ былай ғой…”. Ардақ Назаров бокс нәтижесіне қатысты пікірін айтты

579

Кездесудің тең болуы себептері: біріншіден бүгін Мексика халқының тəуелсіздік күні. Егер жеңісті Генаға берсе осынша халықтың айтулы мерекесінде 122 млн-ға жуық мексикалықтардың көңіл-күйі əп сəтте жер болатын еді. Екіншіден, беделді промоутер (мексикалық) Оскар Де Ла Хойяның ықпалы бұл жерде өте күшті.

Негізі, жекпе-жекте Гена көптеген раундта қарсыласын тықсыра қуа отырып өз басымдығын көрсетіп ұпай санымен жеңді, бұған күмəн жоқ.

Бірнеше раунд теке тіресте тең өткені де рас, соның ішінде Сауль Алварес тек екі раундта ғана жойқын соққысын дарытып басымдығын байқатты. Негізгі жеңіс біздікі. Бұл менің ойым, өз пікірім”, – деп жазды Назаров желідегі парақшасында.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық бокстың жарық жұлдызы – Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) қарсы жекпе-жекте тең түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз