Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Гейлерге тиіспеңіздер…”. Жансая Тілеухан қазақтың кемшілігін бетіне басыпты

145

Оның сөзіндегі өзімізге ұнаған және ұнамаған тұстарды назарға алдық.

Ұнағаны:

“Мұндағы жұрт мәдениетті, сыпайы. Бетіңе жымиып қарайды. Бейпіл сөйлемейді. Өздерінің жазылмаған заңдары бар. Соны сақтайды.

” дейді Мәриям.

Айтуынша, ағылшындарда тәртіп бар, тиянақ бар. Кезек сақтау мәдениеті қанға сіңген. Дүкенде, метрода, жалпы қайда болмасын жұрт алға озбайды, кезек сақтайды.

“Жаңа жылдық кешкі асқа ағылшындар күні бұрын тапсырыс береді. Былай қарасаң, сонша жінігіп не болды дерсің. Ал анығында бұл жоспар құру. Ішер асын, көрер концертін ғана емес, алдағы күнін жоспарлау. Ертеңін ойлағанның белгісі…”, дейді кейіпкеріміз.

Мәриям сонымен қатар мұндағы оқу бағдарламасы туралы айтыпты.

“Ағылшын университетінде оқу бағдарламасы да ақылмен жасалған. Таңдаған мамандығыңа нақты қатысы бар 8 пәнді ғана оқисың. Басқасына бас ауыртпайсың. Бізде қалай? Аралас-құралас қой. Салаңа қатысы жоқ болса да, міндеттеп тастаған пәндер бар. Ертеңгі күні ол өміріңде кәдеге аса ма, жоқ па, елемейді”.

Бұдан сырт мұндағы жолаушылар тасымалы жүйесін тілге тиек етіпті.

“Мысалға, бізде “Оңай” картасын енгізерде аласапыран болды. Билік, халыққа жаман болсын демейтін шығар, бірақ жаңа жүйелерді, жаңа жобаларды жұртқа зияны тимейтіндей енгізе, кіріктіре алмайды”, – дейді Мәриям.

Мұнысы рас енді…

Ұнамағаны:

Қазақтың дүниетаныма жат дүниелерді жарнамалапты Мәриям.

“Англиядан үлгі алсақ жарар еді, негізі.

Ағылшындар сенің дініңе, тіліңе, тегіңе, жыныстық қалауыңа тиіспейді. Шаруасы жоқ. Өз еркің өзіңде. Гомосексуалист бол, тіпті трансгендер бол… тіл тигізбейді. Кемсітпейді. Бөліп-жармайды.

Бізде бәрі керісінше ғой. Толеранттылық, төзімділік деңгейі жоғары оларда. Осы жағына келген ағылшындардан үйренеріміз бар біздің”, – дейді кейіпкеріміз.

Бұған қоса, “біздің ағылшындардан үйренеріміз көп, ал Англияның Қазақстаннан қандай, нендей үлгі аларын айта алмаймын” депті ол.

Мәриям…

Сіз, қатты қателесесіз.

Жер әлемде қазақтан өткен толерантты ұлт жоқ, анығында.

Тәуелсіздік алғалы бері бізді толеранттылыққа тәрбиеледі. Тәрбиелеп келеді. Жемісін жеп жатырмыз, қазір.

Толеранттылықтың арқасында Қазақстан айыртілді мемлекетке айналды. Толеранттылық деген не? Қазақшасы төзімділік. Турасын айтқанда көнбістік. Үндеместік. Мінезсіздік. Тағы не?

Көнбістігіміздің көрінісі қазіргі тұрмысымыздан-ақ көрініп тұр емес пе? Төзімділігіміздің белгісі – ту-талақайы шыққан тілімізге қараңыз.

Толеранттылықтың арқасында биліктен өзімізге тиесілі дүниені талап ете алмайтын жағдайға жеттік. Себебі, толеранттымыз. Жоқ, көнбіспіз, анығында. Мінезсізбіз.

Сіз ағылшандар сондай деп ойлайсыз ба? Мінезсіз. Көнбіс. Үндемес деп… Жоқ. Ағылшын мен қазақтың кешкен өмірі жер мен көктей, негізінде. Бұлардағы өз құқын қорғау, әділ сайлау, әділ сот, әділ шешім мен жалпы айтқандағы демократия түсінігі керек кезінде сіз айтқан толеранттылықты табанға таптай салды.

Айтпақшы, сіз айтқан гомосексуалист пен трансгендерге толеранттылықтың түк қатысы жоқ. Қазақ қабылдамайтын дүниелер бар. Мұны отбасында қазақша тәрбиелеген адам жақсы түсінуі тиіс…

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз