Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Гейлер үшін…”. Экс-депутат Мәжілістегі масқара жағдайды айтып берді

166

Ал Түрікменстан президенті Гурбаноғлы Бердімұxамедов қол қойған осы елдің неке туралы кодексіне “Түрікменстанда көп әйел алуға жол берілмейді” және де көп әйел алғандар болса, айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін түзеу жұмыстарына жегіледі деген өзгерістер енгізілді.

Алдан Смайыл, қоғам қайраткері

Жаугершілік заманда көп әйел алу уақыт талабы болды

Мәжілістің бесінші шақырылымында депутат болған жазушы, қоғам қайраткері Алдан Смайыл өзінің экс-әріптестері бұл мәселеге тыйым салуды былай қойып, керісінше, көп әйел алуды заңдастырайық деген ұсыныспен келгенін айтады.

“Түрікмендердің ондай заң қабылдағаны өте дұрыс деп есептеймін. Парламент мәжілісінің төртінші шақырылымында кейбір депутаттар “Неке туралы” кодексті қарағанда, осы екі әйел, төрт әйел алуды заңдастырайық деген ұсыныс берген болатын. Сол кезде мен қарсы шықтым. Өйткені біз діннен бөлек зайырлы мемлекетпіз. Бұл бір.

Екіншіден, ата-бабамыз бір әйел, екі әйел, үш әйел алса, ол сол кездің жағдайына сәйкес мүмкін болған дүние. Жаугершілік заман болды, балалар көп шетінеп кетіп жатты, ер адамдар соғыста көп өлді, ұлтты сақтап қалу керек болды. Бірақ бұның бәрі қазіргі заманда жоқ. Қазір біз өркениетті Еуропа елдерімен қарым-қатынас орнатқаннан кейін, өзімізді қайтадан жабайыландыруға болмайды.

Мен көп әйел алуды мәдениетсіздіктің, надандықтың, топастықтың белгісі дер едім.

https://kaz.365info.kz/khaj-ajeli-bekbolat-yshin-zhelide-dau-tudy-video-303794

Үшіншіден, осыған (көп әйел алуға – авт.) жел беріп жүрген діни ағымдардың өкілдері, салафиттер, уахабшылдар деп ойлаймын. Олардың арасында мүйізі қарағайдай азаматтар бар. Төртеу, бесеуді былай қойып, сегіз, тоғызға дейін кетіп жатыр. Қоғам бұны көріп отыр, біліп отыр. Мәселе, міне, соларға заңды түрде тыйым болмай отырғандығында”, — дейді Алдан Смайл.

Алдан Смайыл көп әйел алуға тыйым салу туралы заңды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі де, депутаттар да бастамашы болып, мінберге шығарады дегенге күдікпен қарайтынын айтты.

https://kaz.365info.kz/ajn-r-t-rsynbaeva-to-al-alu-a-shoshyp-araudy-azheti-zho-242786

Көп әйел мен біржынысты некелерді заңмен тоқтату керек!

“ҚР Дін істері министрлігінде де көп әйелі бар азаматтардың жүргенін білемін. Олар қашан қозғалып, бұл мәселені қашан көтеретінін білмеймін. Ал, депутаттарға тоқталсақ, бір мысал келтірейін. Біз (төртінші шақырылымдағы бір топ депутат – авт) балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы заң жобасын жазып, екі палатадан өткізіп тұрған жерімізде гейлерге, яғни, қызтекелерге қарсы шыққанымыз үшін Конституциялық кеңеске жіберіп, заңды қабылдатпай тастағандар бар.

Яғни, гейлерден аса алмай қалды.

https://kaz.365info.kz/tosindi-ash-dedi-karimzhan-esimdi-transgender-tyrmedegi-khorlygyn-ajtyp-saldy-video-319864

Сонда Қазақстан Республикасы гейлердің көңіліне қарап, керек заңды тоқтатып тастады. Соған сенесіз бе? Енді ол заңды қазіргі шақырылымдағы депутаттар сенатқа жіберді. Бірақ ішінде бір жынысты некелерге қарсы шығу туралы әңгіме жоқ.

Бұны айтып отырған себебім – көп әйел мен біржынысты некелерді заңмен тоқтатпайынша, біз, қоғам рухани тазара алмаймыз.

https://kaz.365info.kz/ystap-korejinshi-tok-shouga-kelgen-khyzteke-erlan-renzhip-khaldy-foto-291717

Рухани жаңғыру үшін рухани тазаруымыз керек. Рухы таза емес адам қалай жаңғырады!?”.

https://kaz.365info.kz/meni-zorlady-lajla-syltankhyzynyn-bagdarlamasyna-khyzdan-aumajtyn-khyzteke-keldi-video-311003

Дереккөз: Sputniknews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз