Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ғажап екен! 2017 жылдың технологиялық трендтері

309

Samsung компаниясы 2017 жылы экраны кітап сияқты бүктелетін жаңа смартфон ұсынбақ. Енді телефонды әмиян сияқты екі бүктеп, қалтаға тыға саласыз. Бұл идея екі жыл бұрын пайда болыпты, бірақ оған лайық төзімді, әрі мөлдір пластикті енді ойлап тапқан сияқты.

Селфи арқылы төлем жасау

Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма 2015 жылы CeBit конференциясында кез-келген тауардың бағасын төлеу үшін селфи арқылы құптау жүйесін көрсеткен еді. Бұл технология Интернетте сауда жасауды жеңілдетеді. Күрделі құпия сөз енгізу, төленгені туралы СМС хабарлама күту – уақытты алады, ал жаңа жүйе бойынша селфи жасайсыз да, төлей саласыз. Бұл жүйе биыл шығады.

Сонымен қатар Мicrosoft компаниясы да биометриялық қорғау жүйесін ұсынған. Бірақ олар құпия сөздің орнына селфи емес, саусақ іздерін немесе көздің тор қабығын пайдалану жөн болады деп есептейді. Себебі, қажет кезде смартфон бетіне үңіліп, жиектемеге бетіңізді дәлдеп тұру ыңғайсыз дейді олар.

Реактивті сөмке

Жаңа Зеландиялық Martin Aircraft компаниясы былтыр джетпак (реактивтік сөмкелерді ) өндіре бастағанын жариялаған еді. Бұл тауар нарыққа 2017 жылы, яғни биыл шығады. Сөмкенің құны – 150 мың доллар. Аталған технология иесі бұл сөмкені қолдану арқылы өзі де ұшады, немесе қандай да бір тауарды өз бетінше ұшырып жібере алады. Өндірушілердің сөзіне сенсек, аталған реактивті сөмкенің жылдамдығы сағатына 74 шақырымға дейін жетеді. Бір шақырымға дейінгі биіктікке көтеріледі. Ұшатын қондырғы әуеге 120 келі салмақты көтереді және 45 литр жанармаймен 30 минут бойы әуеде қалықтай алады.

Робот полицей

2017 жылы Біріккен Араб Әмірлігінде алғашқы робот-полицей қызметін бастайды. Робот сенсорлы экраны арқылы адамның түрін сканерлейді және дауысын ажыратады, түрлі сауалдарға жауап бере алады. Темір мен пластиктен жасалған тәртіп сақшысы алдымен Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимараты мен туристік орындарда пайдаланылады. Қылмыскерлердің соңынан қуа алмаса де, адасқан туристерге жол сілтеуге, құқық бұзушылықты видеоға түсіруге және тәртіп сақшыларын жылдам шақыруға әбден жарайды.

Айға сапар

Америкалық жекеменшік Moon Express компаниясы 2017 жылы өз модулін айға ұшыруға рұқсат алды. Moon Express – айға ұшуға рұқсат алған әлемдегі тұңғыш жекеменшік компания. Екі апталық сапар жазға белгіленген. Қазір қондырғыны ұшуға әзірлеуге фирма 50$ млн жұмсаған. Егер сапар сәтті өтсе, Moon Express Google-дан 20 млн доллар көлемінде сыйақы алады.

 

Жасанды жүрек

Ресейлік медициналық технологиялармен айналысатын ғалымдар 2017 жылы жасанды жүрек ұсынбақ. Оның көмегімен ауыр науқастың өмірін 3-5 жылға созуға болады. Ол пластиктан, титаннан және тот баспайтын болаттан жасалады. Салмағы адамның салмағына сай 400-650 граммды құрайды. Қуат көзі ретінде сыртқы қозғалмалы аккумулятор қолданылмақ. Аккумулятор адам беліне ілінеді. Бұл механизм әлемдік ғылым үшін жаңалық емес, алғашқы рет осындай аппарат өткен ғасырдың аяғында қолданылған.

Қалтадағы компьютер

Толыққанды Windows 10 операциялық жүйесі бар компьютер алақанның көлеміндей ғана шағын болады. Толыққанды «Sirius A» қалталы компьютерін де биыл көреміз. Сұр, күміс және алтын түстерімен шығады. Бағасы – 699 доллар.

Электрлі автокөлік

2017 жылдың соңында Tesla Motors компаниясы Model 3 үлгісін шығарды. АҚШ-та бұл орташа классты инновациялық көліктің құны 35 мың доллардан басталады. Оған жылдам қуаттау стансасын пайдалану ақысы да кіреді.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз