Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Гаухар Әлімбекованың үстінен тағы арыз түсті

150

“Барахолка” атанып кеткен ашық базарда сауда жасайтын Бақыт Назарова айына 330 мың теңге несие төлеуге мәжбүр.

Жасы алпысқа тақалса да, күнкөріс үшін еңбек етіп жүрген ол Әлімбековамен болған баспана дауынан кейін, тіпті, базарға шығу қиындағанын айтады.

“Мені танып қалған адамдар келіп, “Саған осы не керек, проблема керек пе?” деген қатты-қатты сөздер айтады. Қорқа бастадым. Өзім несиемді төлей алмай, қысылып, қарызданып жүргенде, бұл менің жүрегіме әсер ете бастады. Адамды көрсем, дірілдеймін”,- дейді жәбірленуші.

Бақыттың жанына батқаны – әншінің әлеуметтік желіде өзін меңзеп, қаралауы екен. Осыдан кейін Назарова бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына арыз жазып, президенттің атына хат жолдапты.

“Себебі, Әлімбекова өзінің Instagram желісінде мені “Б әпке тойға барғанымды, ән салғанымды көре алмай, үстімнен арыз жатып жатыр екен” деген жалған ақпарат таратып отырды. Алдымен мен оған мән берген жоқпын. Себебі, өзімнің жеке арымның алдында таза болғандықтан, жарайды, ештеңе етпейді деп отыра бергенмін”,- дейді ол 31-арнаға берген сұхбатында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз