Оңтүстік Калифорния университеті дәрігерлері семіздіктің инфекциялық аурулар белгілерінен туындайтынынанықтады. Яғни семіз адамдармен жиі араласатын адамдар уақыт өт келе тола бастайды. Ғалымдардың бұл зерттеуі JAMA Pediatrics журналында жарияланды, деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасап Stan.kz.
Аталған зерттеудің нәтижесінде Колорадо штаты Эль-Пасо қаласының 21% жасөспірімі, Луизиана штаты Верноне қаласының 38% жасөспірімі артық салмақтың зардабын тартып жүргені анықталды. Жалпы жасөспірімдердің төрттен бірі, ал ересектердің төрттен үш бөлігі артық салмақ қосқан.
Зерттеу кезінде қатысушылардың жасы, табысының мөлшері және әскери шені ескерілген.
Зерттеу барысында әскер қатарында қызметте жүрген әрі семіздікке шалдыққан ересек таныстары бар жасөспірімдер де артық салмақ жинап отырғаны байқалған.
Мұндай құбылысты базаға жақын маңда мейрамханалардың орналасуымен түсіндіруге болады. Ал ғалымдардың айтуынша, мұнда адамдар арасындағы қарым-қатынас негізгі фактор болады екен.