Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ғалымдар қандай өнімдердің диабетке шалдығу қаупін төмендететінін айтты

287
Сурет: nestle-cereals.com

Роттердам қаласындағы (Нидерланд)  Эразм университетінің зерттеушілері мен Гарвард универсиетінің (АҚШ) жанындағы Чан атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі осындай қорытындыға келді деп жазды РИА Новости.

Гарвард профессоры Ким Браун мен оның әріптестері тамақтану әдеттеріне жүргізілген  үш үлкен зерттеу деректеріне және америкалық денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің денсаулығының жағдайына талдау жүргізді. Оған барлығы екі жүз мың адамдай қатысты. Зерттеу барысында екінші деңгейлі диабетпен ауыратын 12 мың жағдайды тіркеген.

Жұмыс нәтижелері рационда қанық майлы қышқылдар, моно- және полиқанықпаған майлар, жануарлар мен өсімдік ақуыздардың орнына сапалы баяу қорытылатын көмірсулар болса ауруға шалдығу қауіпі төмендейтінін көрсетті.

Баяу көмірсуларға тұтас дәнді жармалар, көкөністер мен құрамында жасымығы көп өнімдер жатады. Олардың гликемиялық индексі төмен, осындай өнімдерді тұтынғанда  огранизм  инсулинді азырақ бөледі. Бұл қандағы қант деңгейінің бірден артып кетуінің алдын алады. Ғалымдар тез қорытылатын көмірсуларды қаныққан майлармен алмастырғанда да диабет қаупінің төмендейтінін байқаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз