Зерттеушілердің халықаралық тобы алғаш рет тіндері ДНҚ үлгілерін алуға келмейтіндей жойылған адамның геномын толықтай дерлік қалпына келтірді. Ғалымдар 1827 жылы қайтыс болған адамның артында қалған ұрпақтарының генетикалық материалын зерттеген екен.
Ғалымдардың бұл зерттеуі Nature Genetics журналында жарияланды.
Ғалымдар Исландияның гениологиялық мәліметтер базасына сараптама жасап, Джонатанның 182 ұрпағы барын анықтаған. Ол адамдардың геномында бабаларының аз да болса жұрнағы қалған екен. Осы арқылы зерттеушілер бұрын құл болған адам геномының үлкен бөлігін қалпына келтірген және ата тегін анықтай да алған.
Зерттеушілердің пайымынша, оның анасы афроамерикалық, ал әкесі еуропалық нәсілден болған екен.