Ғаламторда күні кеше көз жұмған Өзбекстан президентінің қызы Гүлнәр Кәрімованың әкесіне арнап шығарған әнінің видеосы пайда болды.
Видеода Гүлнәр әкесін есіне алып, ән айтады. Түсірілімде әнмен бірге, марқұм Ислам Кәрімовтың ресми шаралардағы суреттері қатар көрсетіледі.
Айта кетелік, Ислам Кәрімов 2016 жылдың 2 қыркүйегінде миына қан кетіп қайтыс болды. Елде үш күнге созылатын аза тұту жарияланды.