Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

Екінші таймда сербтер таразы басын теңестіруге ұмтылды. Шабуылда ширақ ойнап, Игита қорғаған қақпада доп тулатуға асықты. 23-ші минутта Тайнан Қазақстан құрамасының ойындағы екінші голын соқты. Әйтсе де ойынның аяқталуына 5 минуттай уақыт қалғанда Сербия құрамасы ойын жүйесін өзгертті. Қақпашының орнына ойыншы шығарып, Қазақстан құрамасының ойыншыларын қыспаққа алуға тырысты. Осындай шабуылдардың бірінде бір гол соғып, есепті қысқартты.

Ойынның соңғы минуттары аса тартысты өтті. Сербия құрамасы таразы басын теңестіру үшін тайлы-тұяғымен шабуылға шықты. Бұл тұста Қазақстан құрамасының қорғанысы мен қақпашы Игитаның шеберлігі айрықша байқалды. Соңғы секундтарда Дуглас қарсыластар қателігін оңтайлы пайдаланып, есепті 3:1-ге жеткізді.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Испания мен Украина құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

https://www.instagram.com/p/Be01rx7AIHm/?taken-by=vestigram

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз