Қазақстан ұлттық футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама беретін плей-офф кезеңін Италияда бастады. Матч «Palasport Fasano» аренасында өтіп, алаң иелері 2:1 есебімен басым түсті.
Алғашқы таймда қазақстандықтар белсенді шабуылдап, бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды. Алайда 15-минутта Джованни Пульвиренти есеп ашып, Италияны алға шығарды.
Екінші таймның басында Юлио Де Оливейра есепті 2:0-ге жеткізді. Қазақстан сапынан Шыңғыс Есенаманов 32-минутта жауап голын соғып, есеп айырмасын қысқартты, бірақ қалған уақытта таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.