Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Бүгін футболдан Әлем чемпионатының ресми ашылуы өтеді

Әлемдік кіл мықты командалардың кездесуі 14 маусым – 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді, атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Ростов-на-Дону, Самара және Саранск.

Чемпионатқа әлемнің 32 үздік ұлттық құрамалары қатысады. Айта кетейік, Ресей өз тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионатын ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандықтар FIFA- 2018 ойындарының ашылу салтанаты (астана уақытымен 20.30) мен чемпионаттың Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы (астана уақытымен 21.00) алғашқы матчын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей көре алады. Ал Астана тұрғындары мен қонақтары үшін оны ашық аспан астында – «Қазмедиа» орталығының үлкен экранынан тамашалау мүмкіндігі бар.

Әлемдік дода аясында өтетін 60-тан астам матчты «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары түгелдей тікелей эфирден көрсететін болады. Айта кетерлігі, футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалы 30 маусым күні, ал қазақстандықтар Астана күнін тойлап жататын 6 шілде күні – ширек финал басталады.

Жартылай финал 10-шы және 11-ші шілде күндері, финал 15 шілде күні өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз