Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Футбол: өз алаңымызда ойсырай ұтылдық

Екінші таймның 53-минутында черногориялық шабуылшы Фатос Бечирай Қазақстан қақпасына баспен гол соқты. Арада он минут өткен соң, яғни ойынның 63-минутында қорғаушы Марко Симичтің тепкен добы голға айналды.

Осылайша, үш гол жіберіп алған Қазақстан құрамасы ұпайсыз қалды.

Ойын алдындағы нәтиже бойынша Черногория құрамасы Е тобында 10 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. Ал Қазақстан құрамасы 2 ұпаймен соңғы алтыншы орында тұрған еді

Қыркүйектің 1-нен 2-не қараған түні Е тобында тағы екі матч өтеді. Астана уақытымен 00:45-те Дания өз алаңында Польшаны қабылдайды, ал Румыния Армениямен кездеседі.

Қазақстан құрамасы келесі ойынды 4 қыркүйек күні Е тобында көш бастап тұрған Польшаға қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, былтыр Черногория өз алаңында Қазақстанды 5:0 есебімен ұтқан болатын.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз