Франицяда ер адамның қолын алмағаны үшін мұсылман әйелге азаматтық берілмейді деп хабарлайды The Local.
Француз азаматына тұрмысқа шыққан алжирлік әйел азаматтық алу үшін құжат тапсырған екен. Бірақ салтанатты шара кезінде өзінің діни көзқарасын алға тартып, шенеуніктің берген қолын алмай қойған.
Бұған сескене қараған шенеунік «Франция қоғамына қалыптаса алмайды» деп, әйелдің құжатын рәсімдеуді тоқтатқан.