Әнші Зарина Омарова ернімді сақтандырар едім деп, айды аспанға бірақ шығарды. Шоу-бизнесте жүрген сылқымдардың көпшілігі, мұндай қадамды құптайтын көрінеді. Шетелдің өнер жұлдыздарында дене мүшесін сақтандыру баяғыдан бар. Мәселен, Джей Ло бөксесін 300 миллионға, ал Мэрайя Кэри аяғы мен дауысын 70 миллион долларға бағалаған…
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Енді Дженифер Лопес, тағыда бір жерін сақтандырып жүрді. Мен енді әнші ретінде мүмкін дауысымды сақтандырар едім. Өйткені менің ойымша, мен өзіме ең қымбат мүше, енді барлығы қымбат қой әрине, бірақ ол дауыс”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.
Әуеліде дауысым қымбат деген әнші, ойлана келе бүкіл дене мүшесінің бағалы екенін түсінді.
“Жоқ мен барлығын сақтайтын едім, шынымда айтсам. Мына аяғымды қолдарымды, басымды, көзімді. Расында өйтіп, бөліп айта алмайды екенсің”, – дейді Мәдина.
Зарина Омарова да өзінің сақтандыруға лайықты тұстарын тізбелеп берді.
“Фигурамды! Негізі қазіргі таңда менің фигурам маған өте қымбат. Негізі менің денемдегі мақтанатын нәрселерім бар әрине. Олар енді жасандылық емес, шынайы соларды сақтандыратын шығармын. Ернім мысалға”, – дейді Зарина Омарова.
Әріптестерімен салыстырғанда, Айдана Меденованың жауабы таңқаларлық. Естімеген елде көп, сылқым үшін бәрінен де бұрымы қымбат.
“Шашымды сақтандырушы едім.. Енді шаш түседі, жүкті болғанға кейін, ол енді қалжың… Ең бастысы, Аллаға сиынып сақтанып жүру керек. Меніңше, ол ешқандай көмектеспейді”, – дейді Айдана Меденова.
Иә, сақтансаң сақтайды деген.. Дәулеті мен танымалдығы асқан жұлдыз болсаңыз, сіз қай жеріңізді сақтандырар едіңіз?