Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
519
+13.97
EUR
568
+11.62
RUB
6.03
+0.06

ФИФА: спорт пен саясат арасындағы таңдау

Бұған қоса, Human Rights Watch ұйымы ФИФА-ға Израиль футбол қауымдастығының басып алынған аумақта футбол жарыстарын ұйымдастырып жатқанын мәлімдеп, бұл ұйымның жарғысына қайшы келетінін алға тартты. ФИФА ережелеріне сәйкес, «мүше қауымдастықтар мен олардың клубтары басқа қауымдастықтың аумағында оның рұқсатынсыз ойнай алмайды». Алайда палестиналықтар Израильге өз жерінде қандай да бір жарыстар өткізуге ешқашан келісім берген емес.

Израильді чемпионаттан шеттетуді талап еткен палестиналық шенеуніктер Ресей құрамасының халықаралық футболдан аластатылуын мысалға келтіреді. Олардың пікірінше, егер футбол мен саясатты араластырмау керек болса, онда Ресей құрамасын жарысқа қайта қосу қажет. Ал егер Ресейдің шеттетілгені ФИФА ережелеріне қайшы келмесе, Израиль құрамасына да дәл сондай шара қолданылуға тиіс. Осы жағдайға байланысты Израиль мен оның одақтастарына Ресейдің халықаралық футболға оралуын қолдау тиімді, себебі бұл Израильге қарсы санкция енгізу туралы талқылаулардың алдын алады.

Британдық The Independent интернет-газеті хабарлағандай, УЕФА мен ФИФА «Ресей прецедентіне» байланысты қатты қысымға ұшырап отыр: «Қазіргі таңда Ресейдің футболға оралуына қатымты қадам жасалып жатыр. Олардың қайта қосылуын ертеңге қалдырмай-ақ іске асыру керек деп есептейтін ықпалды тұлғалар бар. Бұл шешімнің бір бөлігі саясатқа байланысты, бірақ кейбір сарапшылар Ресейді мүлдем шеттетудің қате болғанын алға тартады. Ішкі қысым күшейіп келеді».

Сонымен қатар, ФИФА басшылығына Израиль мәселесін шешпегені үшін бірнеше рет сын айтылды. Бұл сынның әсерінен «Израильге қызыл карточка көрсет» атты жанкүйерлік қозғалысы белсенді бола түсті. Акция Италия, Испания, Франция, Грекия, Шотландия, Ирландия, Түркия және Малайзияда өтті. Демонстранттар УЕФА мен ФИФА-ға «ережелерді қатаң сақтау» және Израиль құрамасын жарыстан шеттету туралы нақты талап қою керектігін мәлімдеді.

ФИФА бұл мәселені шешуді ұзаққа созса, ұйымның беделіне нұқсан келіп, оны саяси мүдделерге тәуелді деп айыптауы мүмкін. Бұл өз кезегінде ұйым ішіндегі алауыздықты күшейтуі ықтимал. Сарапшылардың пікірінше, әлемдік футбол басшылығы жақын арада өте қиын шешім қабылдауға мәжбүр болады: олар не Батыстың пікірін елемей, Ресей құрамасын халықаралық жарыстарға қайта қосады, не Израиль құрамасына да дәл сондай санкция қолданады. Екі жағдайда да ФИФА үшін үлкен сын-тегеурін туындайды, сондықтан шешімнің жақын арада қабылдануы ғажап емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз