Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
8
USD
427
+0.77
EUR
498
+4.39
RUB
6.02
+0.05

Феминистер Ақтөбеге бара жатыр: тағы да наразылықтар бола ма?

Фото: facebook/Мария Гордеева

“Феминита” тобының белсенділері кезекті іс-шараны өткізу үшін Ақтөбеге баруға жиналды. Бұған дейін феминистерді Шымкент (мамыр айының соңында) пен Қарағандыдан (шілде айының соңында) қуып шығарды, бірақ олар сапарларын жалғастыруда. Бұл жолы сапар немен аяқталатыны белгісіз.

Саясаттанушы Марат Шибұтов болжам жасауға тырысты. Бұл әзіл болуы да мүмкін.

— Тағы 2-3 осындай сапар жасайды, содан кейін әртүрлі халықаралық инстанцияларға жүгінеді. Содан кейін біздің мемлекет қол қойылған келісімдерді орындамағаны үшін санкциялар түрінде жаза алады. Мысалы, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциялар, азаматтық және саяси құқықтар туралы пакті, Еуропалық одақпен серіктестік туралы кеңейтілген  келісім және т.б. – деп жазды ол.

Оның әріптесі Замир Қаражанов болжаммен келіспеді және біздің порталға өз көзқарасын білдірді.

Femen тіпті жалаңаш кеуде де көмектеспеді

– Замир, біздің феминистерді бір жерде қатты ұрып-соғып, сайып келгенде, бізге қарсы санкциялар салуы мүмкін жағдай қаншалықты орынды?

– Бұл іс жүзінде мүмкін емес. Егер мемлекеттік деңгейде қысым көрсетілетін болса, онда қандай да бір мемлекетке қарсы санкциялар енгізілуі мүмкін. Яғни, халықтың қандай да бір тобының құқықтарын шектейді, қылмыстық іс қозғайды, заңсыз жауапкершілікке тартады және т.б. Тіпті БҰҰ араласуы мүмкін. Бұл жерде ондай ештеңе жоқ, тіпті егер бұл белсенділерді қандай да бір қалада ұрып-соқса да – бұл жеке дау болып саналады. Мемлекетке ешқандай талап қоюы мүмкін емес және оны қатыстыруға негіз жоқ. Мұны бәрі жақсы түсінеді деп ойлаймын.

– Онда олар неге сапарларын жалғастыруда, тіпті ЛГБТ-ны күн тәртібіне енгізді. Онсыз іс-шаралар бейбіт түрде өтуі мүмкін еді, бірақ бізде жыныстық азшылықтарға әрдайым төзіммен қарай бермейді.

— Жай ғана өздеріне назар аудартып, меніңше Қазақстаннан тыс жерлерде қандай да бір қолдау тапқысы келеді. Қандай да бір жолмен зиян келтіру үшін емес.

Идеясы – өзінің атын танымал ету және осы негізде мансап құру

Сол Еуропада басқа елдерден осыған ұқсас ұйымдар ірі іс-шараларға қуана шақырылады.

Онда, атап айтқанда, үлкен гранттар ала аласыз, мысалы, әйелдер қозғалысын дамытуға және т. б

Мүмкін субъективті жағы да болуы мүмкін — адамдарда танымалдық сезімі жоқ. Осы себепті осындай радикалды формалар пайда болады. Бірақ бәрі ақыр соңында өзін таныту және қандай да бір жолмен ақша табу мүмкіндігіне тіреледі.

Тиімділік тұрғысынан мұндай әдістердің мүлде пайдасы жоқ. Біз мұны украиналық Femen мысалынан көрдік. Олар кеуделерін жалаңаштап жүшірді, қоғамды таңқалдырды, барынша назарды өздеріне аудартты.

Қоғам үшін ешқандай пайдасы жоқ, іс-әрекеттердің нәтижесі мүлдем қарама-қайшы. Егер олар бір жерлерден демеушілер тапса, онда олар үшін жеке пайдасы болуы мүмкін.

Квота – бұл абсурд

– Жалпы, біздің қоғам феминизм идеяларына дайын ба? Олар бізде қаншалықты жақсы жүзеге асырылуда.

– Бұл қандай феминизм екендігіне байланысты. Дені сау феминизм бар, нашары да бар. Яғни, парасаттылық та, ойға қонымсызы да бар. Бір жағынан – бұл жалпы әлемдік тренд.

Теңдік болуы керек, әйелдің де ер адаммен бірдей құқығы болуы керек, және оған қатысты ешқандай сұрақ туындамайды

Бірақ әдістеріне қазірдің өзінде қойылатын сұрақтар бар, шамадан тыс шектен шығуда.

Мысалы, міндетті квоталарды қарастырайық. Бірден айтайын, бізде теңдік тұрғысынан әрқашан өте жақсы көрсеткіштер болды. Көптеген әйелдер (менің ойымша, тіпті жартысына жуығы) мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, бизнесте де сондай. Тіпті Парламентте де ешқандай квотасыз 22%-ы әйелдер болды. Неліктен квотаны 30% жасау қажет болғанын айту қиын.

Көптеген әйелдер өздерінің Парламентте қанша екендігіне мән бермейді

Олар үшін бастысы – бұл орган шынымен жұмыс істесе, тиімді болса және елдің дамуына ықпал етсе болды. Олардың жұмыс орындары мен жақсы жалақысы болса жеткілікті. Менің ойымша, квоталау – бұл орынсыз талап.

Басқа да кемшіліктері бар.

Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық істерінде судьялар ретінде тек әйелдерді тарта бастады

Олар істі ашық түрде қарайды деп болжануда. Бірақ бұл абсурд. Біріншіден, жай ғана кері эффект алуға болады — және әйел судья алдын-ала бір тараптың пайдасына  біржақты үкім шығарады. Екіншіден, бұл істі кім қарастыратыны маңызды емес болуы тиіс.

Заң алдында барлығы тең, ал әйелдердің мүддесі үшін мұндай күрес теңсіздікке, теңдік қағидатының бұзылуына алып келеді. Әдістер мүлдем басқаша болуы керек. Егер әйел жақсы саясаткер болса, онда ол өзінің таланттарын жүзеге асыра алатын жағдай жасаңыз. Оған қатысты ешқандай кемсітушілік болмауы керек. Бірақ олүшін квоталар алудың қажеті жоқ.

Отбасылық құндылықтар терең дағдарысты бастан кешуде

– Қазір әйелдер теңдігі үшін күрес көптеген олқылықтарға алып келді, тіпті кей жерлерде ер адамдарды құтқару керек. Қазақстан лайықты дәстүрлері бар шығыс қоғамы болып саналады. Бұл ең алдымен отбасына және т.б. деген құрмет. Бірақ қазір бұл құндылықтар өте терең дағдарысты бастан кешуде. Қазірдің өзінде отбасы институтына әсер ететін елеулі өзгерістер бар. Енді олар ұзақ уақыт бойы жұмыс істей алмайды, тез және жиі ыдырайды. Айтпақшы,

статистикаға сәйкес, кқбінесе ажырасудың бастамашылары әйелдердің өздері болып табылады

Ол отбасының қамқоршысы болуы керек, бірақ ол оны бұзады.

Бұл біздің ғана басымыздағы қиындық емес, ол жаһандық сипатқа ие. Сол Ресейде бұл процесс бала туу санының төмендеуіне, жалғызбасты әйелдердің көбеюіне алып келді. Шын мәнінде, бұл өмір сүру сапасының кепілді төмендеуін және елдегі кедейліктің өсуін білдіреді. Мемлекет оларға көмектесуі керек, бұл бюджетке қосымша жүктеме жүктейді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз