Нұр-Сұлтан
Қазір
29
Ертең
25
USD
465
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.4
0.00

Фашизм жылдары еврейлерді құтқарғаны үшін алғаш рет араб марапатталды

112

Мохамед Хельми – египеттік дәрігер, фашизм жылдары Берлинде басын қатерге тігіп, берлиндік еврейлерді құтқарған. Ол депортациядан Анна Боросты, оның анасы мен әжесін 1941-1945 жылдары жасырып қалды. Мохамед Хельми көзі тірісінде Батыс Берлин бургомистрі Вилли Брандт сыйлығына ие болды.

Хельмиді марапаттау туралы шешімін Израиль ол қайтыс болған соң ғана қабылдады. Ол 1982 жылы Берлинде көз жұмды. Оның тарихы Израильде төрт жылдан кейін ғана белгілі болды. Сол кезде оны марапаттау туралы шешім шығарылды. Бірақ оның туыстарын іздестіруге көп уақыт кеткен.

Медаль мен дипломды Израильдің Германиядағы елшісі қолынан Хельмидің немере інісі, дәрігер Насер Котби қабылдап алды. Ол салтанатты шараға Каирден арнайы келді.

Қазір Израильде Хельми туралы деректі фильм түсіріліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз