«Евровидение» байқауының екінші жартылай финалының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтық сынға 10 елдің қатысушылары өтті: Болгария, Беларусь, Хорватия, Венгрия, Дания, Израиль, Румыния, Норвегия, Голландия, Аустрия.
Бұдан бұрын бірінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша тағы 10 елдің өнерпаздары финалға жолдама алған болатын. Олар – Молдавия, Әзербайжан, Греция, Швеция, Португалия, Польша, Армения, Аустралия, Кипр және Бельгия.
Бұдан бөлек, ақтық бәсекеге жартылай финалда дәстүр бойынша жарысқа түспейтін бес елдің орындаушылары қатысады: Ұлыбритания, Италия, Испания, Франция және Германия, сондай-ақ өткен жылы жеңімпаз атанған ел – Украина.
«Евровидение» финалы 13 мамыр күні өтеді.