Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Euronews: «Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болған»

Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөздің Euronews-ке хабарлауынша, зақымданған ұшақ ұшқыштардың шұғыл қону туралы өтінішіне қарамастан, Ресейдің ешбір әуежайына қонуға рұқсат етілмеген. Оларға Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Ақтау қаласына қарай ұшуға бұйрық берілген.

Reuters басылымы Әзірбайжандағы тергеумен таныс 4 дереккөзіне сілтеме жасап, ұшақты ресейлік «Панцирь-С» әуе қорғаныс жүйесі атып түсіргенін хабарлады. Дерекөздердің бірінің айтуынша, ұшақ бортындағы байланыс жүйесі «электрондық соғыс жүйелерінің әсерінен» істен шыққан.

«Ешкім бұл әдейі жасалды деп айтып жатқан жоқ. Алайда Баку Ресейдің Әзірбайжан ұшағын атып түсіргенін мойындауын күтіп отыр», – дейді Reuters агенттігіне сұхбат берген дереккөз.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ұшақтың GPS навигациялық жүйелері теңіз үстінде ұшу барысында толықтай бұғатталғаны айтылады. Мұндай тұжырымды бұған дейін де әлемдік медиалар жазған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз