«Еуразия әлемі» пікір-сайыс клубының кезекті отырысы «Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің нәтижелері мен сценарийлері» тақырыбына арналды.
Жиынның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаев: “Ресейден өзге одаққа біріккен елдердің әріптестігі соншалықты жоғары деңгейде емес. Бәлкім, бұл одақтың болашағы баянды болуы үшін нақты жоспар жасау қажет шығар?» деген пікір білдірді.
Өз кезегінде “Сібір-Еуразия» сарапшылар клубының атқарушы директоры Сергей Козлов интеграциялық процесттердің үш өлшемі бар екенін айтты.
– Мұның ең бастысы мәдени кеңістік. Сосын мынадай жағдай бар. Бізді біріктіріп отырған не? Орыстілді қалалық мәдениет. Қазір бұл мәдениет жан-жақтан үлкен қысымға ұшырауда. Бізге осы мәдениетті сақтап қалу керек
– деді ол.
Өз кезегінде экономист Айдархан Құсайынов: «Жалпы мұндай одақтастықтан қашып құтыла алмасымыз анық еді. Одақтас елдер өз таңдауын жасады. «Ресеймен болғанымыз жақсы әрі тиімді, Украинаның тағдырын кешіп жүрмелік» деді олар. Келер жылы интеграция өзінің ең қиын кезеңіне келеді. Ол не дейсіздер ме? Келесі жылы Ресейде президент сайлауы өтеді», – деген ой айтты.
Журналист Евгений Пастуховтың пікірінше белгілі бір мемлекеттердің ұйымға, ұжымға, одаққа, қауымдастыққа бірігіуі бүгін пайда болған жоқ. Бұрыннан бар.
«Айталық, әйгілі Напалеон Бонапарт бірікке Еуропа бірлестігін құруды армандады. Бұған соғыстың көмегімен қол жеткізбек болды.
Кейіннен 1826 жылы әйгілі Симон Боливар құрамына Колумбия, Боливия, Перу және Чили кірген Оңтүстік Бірікке Штаттарын құрғанын мәлімдей жаздады.
Жалпы мұндай одаққа дәстүр-тұрмыстары ұқсаса, саяси, әлеуметтік-мәдени байланыстары әлі де болса сақталған мемлекеттер бірігеді.
Онда тұрған түк жоқ. Мұндай одақтар аталған мемлекеттер әлемдік саяси сахнадан өз орнын тапқанша керек болады», – деді ол.
Жиынды түйіндеген ғалым Асқар Нұрша: «Одақтас елдердің мәдени байланысы туралы айтқанда біржақты пікір білдіруден сақ болғанымыз жөн. Айтуынша,
Кеңес одағы келмеске кетті, посткеңестік кеңістіктің ақыры да жақын.
– Сондықтан да қазіргі уақытта басқаша ойлау қажет. Кеңестер одағында 15 республика болады. Бұл қатарға Балтық елдерін де қосып отырмын. Байқасаңыз біз Балтық елдің осы сіздер айтқан посткеңестік кеңістікке қоспаймыз. Себебі, олар бұл кеңістіктен бірден кетіп қалды. Басқа мәдениетке ауысты. Басқа түсінікке көшті.
Балтық елдерін көрген басқа да бірқатар мемлекеттер солардың жолын қайталады. Соның бірі Украина. Молдова да солай. Грузия да…
Жалпы жаңа әлем келді. Және осы жаңа әлемді қабылдау керек. Біз Кеңес одағынан баяғыда алыстап кетті. Алыстай береміз, – деді сарапшы.