Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына қойылған шектеулер жылдар бойы қалыптасқан жүйелі проблемаларды шешпейді.
Мұндай шешім астық, ұн бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін, сондай-ақ құрғақшылықтан зардап шеккен малды құтқару ниетінен туындады
Қазір көптеген фермерлер ауыл шаруашылық малдарын азық таба алмай қаламын деп қорқып союға мәжбүр. Бұл еттің уақытша арзандауына әкеледі, содан кейін бағаның күрт өсуі байқалады. Бұған жол бермеу мақсатында сауда министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандық ет экспортына тыйым салуды ұсынды. Ал Қазақстанның қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы
Алмасбек Садырбаев елден ұсақ малды тірілей экспорттауға толық тыйым салу туралы ұсыныс білдірді.
Алайда, бірқатар сарапшылар тыйым салуды тым радикалды қадам деп санайды. “Астық индустриясы” агрохолдингінің коммерциялық директоры Дәулет Ахметқалиевтің айтуынша, бұл нарықтық экономикаға араласу. Егер жоғары лауазымды тұлғалардың шешімі бойынша фермерлердің бұрын жасаған келісімшарттары бір күнде бұзылса, бұл бизнесмендердің іскерлік беделіне кері әсерін тигізеді.
Көптеген адамдарға бұл соққы болады, өйткені, олар мал сатып алуға несие алып, шығындарын соған жұмсаған.
Шекаралар жабылса билік фермерлерді жоспарланған бағадан төмен сатуға міндеттеу арқылы кірістерінен айырады.
– Бүгінде мал шаруашылығын бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншісі – жайылымы нашар және мал азығы жоқ фермерлер. Екіншісі – жайылымы бар фермерлер, бірақ олар мал азығын жинай алмайды. Үшіншісі – ауыспалы жемшөп базасы бар адамдар.
Дәулет Ахметқалиев
— Міне, бірінші топтағы фермерлер 1-тамызға дейін өзінің малын (негізінен төлін) бірінші болып “пышаққа жығады”. Олардың жайылымы әлсіз, малды одан әрі ұстауға және оны сою маусымына дейін жеткізуге жағдайы жоқ. Халық арасында жайылым – бұл малды салмақ қосатындай, оған кететін шығындар аз болатын кезде тегін бордақылау. Бірақ өздігінен жайылу кезінде жануарлар белгілі бір салмаққа дейін салмақ қосады, айталық, 300 кг-ға дейін.
Қалыпты жайылымы бар фермерлердің екінші тобы барлық малын қыркүйек айының аяғында жайылым маусымының соңына дейін сояды.
Нәтижесінде нарықта үшінші топ қалады – өз ресурстарын жұмсап, бордақылауды жалғастыратындар. Бәрі жақсы болған жағдайда малдың тірі салмағы 400 кг-нан асқан кезде сояды. Бұл жағдайда нарықтағы ұсыныс шектеулі болады. Бұл бағаға да әсер етеді, – дейді Ахметқалиев.
Бұған жол бермеу үшін жайылымдары мен жем-шөбі жоқ малшылар өздерінің төлдерін жем-шөп базасы бар фермерлерге сатуы керек. Олар малды белгілі салмаққа жеткізе алады.
– Айталық, бордақылау алаңдарына белгілі бір мөлшерде қаржыландыру бөлінеді, бірақ олар нарыққа айына 200 тонна сиыр етін және бір кг үшін 2 мың теңгеден аспайтындай бағада беруге келіседі
Қазан-желтоқсан айларында бағаны тұрақтандыру жоспары бұл стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім. Яғни, мал бордақылау алаңдары қазір етке сатылып жатқан барлық жас малдарды сатып алып, оларды өсіреді. Бұл қазір малдарын сойып жатқан фермерлерге де тиімді болмақ. Қазір салмағы сәйкес келмеуіне байланысты олар сиыр етінің екінші санаты ретінде сатады. Бұл өте арзан – оны мал бордақылау алаңына сатқан тиімді , – деп санайды сарапшы.
Аграрлық сарапшы Кирилл Павловтың айтуынша, экспортқа тыйым салу – бұл дұрыс емес. Оның ішінде аналық мал басына да.
— Олар осылайша аналық малдың жағымсыз экспортын тоқтатамыз дейді. Ал ол онсыз да контрабандалық жолмен шығарылады. Егер қой санын алсақ, ол қазір өсіп келеді. Бірақ қой етінің бағасы төмендемейді.
Егер қазір тыйым салынса, экспортқа жұмыс істеген фермерлер қой шаруашылығымен айналысуды тоқтатады
Тиісінше, ұсыныс аз болады және ішкі нарықтағы баға өседі”, – деді ол.
Кирилл Павлов
Павлов қазіргі кездегі ауыл шаруашылығындағы қиындықтар талайдан бері қордаланып қалған бір-бірімен байланысты жүйелік қателіктердің нәтижесі деп санайды.
– Мал азығына қатысты жағдайды алайық: олар 6,5 млн. тонна азық әзірледі. Бұл ірі қара малдың 30 пайызына жетеді
Егер өнеркәсіптік кәсіпорындарды (орташа фермерлердің агрохолдингтері) алып тастап, ұсақ фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарды қалдырса да, бұл олардың малдарының жартысын тамақтандыруға да жетпейді, – дейді ол.
Павловтың болжамы бойынша, ең алдымен қой еті қымбаттайды. Желтоқсан айында оның бір килограммы 4 500 теңгеге жетеді, ал сиыр етінің бір килограммы 4 000-ға дейін көтеріледі.