16-17 мамыр күндері еліміздің төрт облысында үсік жүретіні болжануда.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабар таратты.
«16-17 мамыр күндері түнде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының, 17 мамыр күні түнде Ақмола және Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде ауа-райы 3 градусқа дейін суытып, үсік жүреді деп күтілуде», – делінген төтеншеліктер таратқан ескертпеде.