Ахметжан Есімов “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.
“Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы – Ахметжан Есімовті таныстырды”, – делінген хабарламада.
https://kaz.365info.kz/ojpyrmaj-ahmetzhan-esimov-khazakhstannyn-enbek-eri-atandy-294115
“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ бұрынғы басшысы Өмірзақ Шөкеев премьер-министрдің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.
https://kaz.365info.kz/sh-keevti-chistyj-shalakazahskii-245152