Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты

Сонымен бірге, елбасыға туризм саласындағы көрсеткіштердің айтарлықтай өсіп келе жатқаны жөнінде баяндалды. Есімовтің мәліметіне сәйкес, Астана қаласындағы қонақ үйлер мен хостелдер саны 27 пайызға өскен. Оларға қонақтарды орналастыру көрсеткіші 60 пайызды құрап отыр.

Мемлекет басшысы халықаралық көрмені өткізу елорданы және жалпы ел экономикасын дамытуға мультипликативтік оң әсер беретінін ерекше атап өтті.

20170815172304 (1)

«ЭКСПО» көрмесі экономиканың барлық секторының дамуына серпін беруде. Қонақ үйлер мен көпшілік тамақтанатын орындарда туристер саны артты. Сол себепті елорда бюджетіне қосымша қаражат түсіп отыр. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Қазақстанның 196 компаниясы көрме кешенінің құрылысына қатысты. Бұл 200 мыңға жуық адамды қамтыды. Қазір көрме қызметін қамтамасыз ететін 21 мыңдай адам жұмыс істеуде, – деді Қазақстан президенті.

Кездесу барысында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы көрмені дайындауға және өткізуге бөлінген қаражаттың үнемделуі жөнінде мәлімет берді. Есімовтің ақпараты бойынша, техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес құрылысқа 816 млрд теңге қарастырылған. Кейіннен бұл қаражат оңтайландыру есебінен 452 млрд теңгеге азайтылды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа көрме жұмысы аяқталғаннан кейін оның нысандарын пайдалану жөнінде ұсыныстар айтылды. Көрме аумағына «Астана» халықаралық қаржы орталығын, IT-стартаптар паркін орналастырып, бірқатар орталық пен павильондарды ЭКСПО мұрасы ретінде сақтап қалу көзделіп отыр.

Кездесу соңында елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының жұмысын лайықты бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз