Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Ешкімге керексіз болып қалдым”. Дана Нұржігіт ағынан жарылды

Астанаға ат құйрығын шорт кесіп келгенімнің себебі де осы болды. Себебі мен ол кезде “Хабар” арнасынан кетіп қалдым. Он жеті жыл, 24 жасымда келіп, 41 жасымда “Хабар” арнасының есігін жапқан 2013 жылдан бері далада жүрдім. Ешкімге керексіз болып қалдым деп айтпаймын. Себебі мен фрилансерлік жұмыстарды істедім. Ешқандай корпорацияға тәуелді болмадым.

Өз нанымды өзім тауып жедім.

Өз тіршілігімді өзім кешіп жүрген жалғыз басты анаға айналдым.

Менің қандай қиындықтардан өткенімді, жалғыз қалып, қандай жағдайда өмір сүргенімді еш жерде айтқан жоқпын. Оның себептерін еш жерде айтқым да келмейді. Мен жүнжіп, ел бетіне қарай алмай, бір ұрлық жасаған адамдай, мені біреу аясыншы дегенді жек көрем. Мың жерден жаным ауырсын, оның шығармашылыққа түк те керек жоқ. Ол тіпті шығармашылық үшін тіптен керек емес. Егер адамда мұң болмаса, оның айтары жоқ деген сөз”, – деді ол.

Оның айтуынша, дәл осындай күйзелісте жүрген сәтінде қазіргі жары Мұратпен танысып, оның қолдауына ие болған.

“Менің үйімнің киесі, иесі Мұрат деген азамат. Қызылордалық жігіт. Бұ кісімен екі жыл бұрын, өкінішке қарай, қайғылы жағдайда танысқан едік. Бәрімізге ортақ Батырхан Шүкеновтың жаназасынан кейін, қонақасында бір дастарханда отырған едік. Бірақ бәріміз жылап-сықтап, кіммен танысып, кіммен дастархандас болғаныңды аңғармайсың да. Қасымда бауырым Рүстем болатын, інім екеуіміздің қасымызға келді.

Содан шаршап-шалдығып, Астанаға келсем, көп хабарламалардың ішінен бөлекше, өзін өте бір жақын адам ретінде таныстырып, менің сол кезде ішкі күйзелісте жүргенімді білетін адам сияқты, хат жазып, көңілімді серпілтетін хат жазып, қанаттандырды.

Содан хат алыса бастадық. Бір айдай хат жазысып жүрдік. Сомен осылай аяқталды”, – деп әңгімеледі Дана Нұржігіт.

Еске салсақ, бұған дейін Дана Нұржігіт танымал журналист Владимир Рерихпен отбасын құрып, олар бір ұл тәрбиелеген. Дәм-тұзы жараспаған жұбайлар бірнеше жылдан соң айырылысып кеткен еді.

Дереккөз:  nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз