Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ертең шығам ғой…”. Айсәуле Бақытбек әкесінің алдына ақталғалы жүр ме?

122

“Баян туралы жаңалықтан жалыққаным-ай. Ұнатпаймын осы кісіні…

https://kaz.365info.kz/bolmajdy-ajsaule-bakhytbek-tyrmedegi-akesi-turaly-ajtty-311232

Бұрынғы күйеуі лайықты жазасын алған да шығар, бірақ әлі күнге дейін Бақытбек ағаны аузынан тастамай келеді. Ашық, астарлап болса тиісіп, сынап-мінеп отырады. Шаршаған жоқ па? 

Еліміздегі еркек атаулының қадірін түсіріп жіберді. 

Жарайды, оны қойшы. Қызы Айсәулені айтсаңшы. 

Инстаграмына әкесі туралы бір ауыз жазған жоқ осы уаққа дейін. 

https://kaz.365info.kz/amina-alagozova-men-ajsaule-bakhytbek-bolashakh-apaly-sinililer-khalaj-tyrady-foto-292824

Өмірдің қызығын көріп жүр. Оны осы өмірге әкелген асқар тау әкесі түрмеде жатыр. Қашан босары белгісіз…

Жарайды, Баянды қойшы. Айсәулеге не жорық? Әкесін ойламай ма? Әкесімен хат-хабар алмаса ма? Ол қандай күйде, денсаулығы қалай? Әке жағының туысқандарымен неге тілдеспейді?


Бәріміз де Инстаграмда отырамыз. Содан да шығар Айсәуленің кейбір қылығына қарап жынып келеді.

“Әкеме жиі бармаймын” депті ол. 

Осыған қарап-ақ еліміздегі әкелердің орны қаншалықты төмендегенін, баланың санасын анасы билеп отырғанын байқайсың.

Баянның кіші қызы да дәл солай. Әкесі жайлы ештеңе айтпайды. 

Бұларың не? Мұның не Айсәуле? Туған әкең емес пе? Ертең абақтыдан босап шыққанда көзіне қалай қарайсың?

Мұны айтып отырғаным менің де әке-шешем ажырасқан. Шешем әкемді жиі жамандайтын еді. Көп кездестірмейтін. Алайда кейін келе бәрібір де әкемді таптым. 
Кінәнің екі жақтан болатынын білдім. 

https://kaz.365info.kz/ajs-ule-ba-ytbek-ke-sheshemni-rysyn-eshua-ytta-estigen-emespin-216974

Марқұм өгей әкемнен жаманшылық көргем жоқ, бірақ бөтендігі бәрібір білініп тұратын еді.

Ал әкеммен әбден қартайған шағында араласа бастадым. Бірақ, қазір оның өз балалары бар. Менен қызғанады. Екі ортада өзім жалғыз қалдым.

View this post on Instagram

Всем привет🤤

A post shared by Aissaule💋 (@aissaulebakytbek) on

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз