Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ерте қайтсын!”. Сағынтаев жұмыс берушілерге аязға байланысты тапсырма берді

Осыған байланысты Үкімет басшысы облыс әкімдеріне жылу орталықтарының жұмысын, соның ішінде шағын қалалардағы жылыту қазандықтарының жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Әсіресе, ауруxана, мектеп, балабақшалар сияқты әлеуметтік нысандарға ерекше назар аударылуы қажет.

“Білім беру ұйымдарында сабақтың болмайтыны туралы xалықты дер кезінде xабардар етіңіздер. Қоғамдық көлік кесте бойынша жұмыс істеуі керек. Кезекшіліктің нақты тәртібі болуы шарт. Қазіргі жағдайға байланысты “102” диспетчерлік қызметі үздіксіз жұмыс істеуі тиіс. Ішкі істер министрлігі автожолдарды бақылап, керек кезде барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қою туралы шешімді дер кезінде қабылдауы шарт”,- деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, әкімдіктер көлік жүргізушілері мен жолаушыларды жылытуға арналған жылжымалы бекеттердің жұмысын ұйымдастыруы тиіс. Сол жерде ыстық тамақ берілуі шарт.

“Мемлекеттік органдар мен жеке меншік ұйымдардың басшыларына айтарым, өз қызметкерлеріңізді жұмыста ұзақ ұстамаңыздар.

Мүмкін болса, барлық қызметкерлерді үйге дейін жеткізуді ұйымдастырыңыздар”, – деп атап көрсетті Сағынтаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз