Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ақшамды бер!”. Ерлан Біләл 670 мың теңгені қайтаратын болды

Жалпы шығын мөлшері 600 мың теңге – Баянов өз қаражаттары есебінен берген сома.

Ол қылмыстық істің материалдарына қосылған жоқ. Біз, сондай-ақ Баяновқа келтірілген мүліктік залалды да қостық, қорғаушы шығынына 50 мың теңге, осы іске қатысты куәгерге жүктелген өзге шығындар үшін 21 мың теңге. Осы қаражатты өтеуді сұраймыз», – деді журналистерге Қайрат Баяновтың қорғаушысы Рамиля Мұхамедиева сот отырысынан кейін.

Еске сала кетейік, журналистердің аудиожазба, фото-видеотүсірілімдер жүргізуіне тыйым салынған. Бірақ оларға процеске қатысуға рұқсат берілген. Сотқа судья Қуаныш Арипов төрелік етуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының мәліметтеріне қарағанда, Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының президенті Қайрат Баяновтан М. Әуезов атындағы драма театрында жаңажылдық спектакльдер өткізу үшін 1,5 миллион теңге мөлшерінде пара алмақ болған.

Қайрат Баянов іске әзірше куәгер ретінде қатысып отыр.

Еске сала кетейік, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл 1,5 млн теңге мөлшерінде пара алмақ болған жерінде ұсталған. Оған қатысты ҚР ҚК 366-бабының («Пара алу») 2-бөлігіне, 24-бабының 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалды. Бұрын сот Ерлан Біләлге бұлтартпау шарасын қолданып, кепілмен босатқан болатын. Ол 1 миллион 205 мың теңге мөлшерінде кепіл төледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз