Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Еркек сиқымыз қалды ма?..”. Айтыскер ақын әйелдерді қалай орнына қою керектігін айтты

397

Балғынбек Имашев, айтысты қойып кеткен ақын

Өзімнің қатарым азайған соң, саналы түрде қойып жатырмын. Жүрсін ағамыз соны алып келіп айтыстан кеткенімді діни сенімге байлап жатыр.

Әйтпесе намаз оқып жүргенімізге де он жыл болды, сол он жыл бойы айтыстық. Қазір де үлкен жиын-тойларда айтысамыз. Соған қарағанда, Жүрсін ағаға айтыстың өзінің қатысуынсыз өтуі ауыр тиді-ау деймін.

Кейбір сөзі бізден асып, дінге тиіп жатқаннан кейін, намаз оқыған ақындарды радикализмге қиып жібергеннен кейін үнсіз қалуға болмас. Біздің бүкіл болмысымыз, сөзіміз, айтысымыз халықтың көз алдында ғой.

Басымызда тақия, аяғымызда қазақтың етігі, илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы. Қазақтың айтысына үлес қосып, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жатырмыз. Халықты басқа бір бағытқа сілтеп, алауыздыққа шақырып жатқан жеріміз жоқ, керісінше бірлікке, ынтымаққа шақырғанымыз болмаса. Қай сөзімізден алып, мұндай үкім тағатынын білмеймін. Жала жапқанда да орынды болуы керек қой. Мұсылман болғаннан кейін сабыр етеміз.

Біріншіден, жасымыз кіші, екіншіден, мұсылмандығымыз бар ағаға қарсы шықпайтын. Өзіне жеке шығып айтқан жоқпын. Бірақ артық кетіп жатқан тұстарын өзі де біледі-ау.

Халықтың құрметін ақшаға сатып алу мүмкін емес

Бұдан бөлек ол „жұлдыз„ аурумен ауырып қалатын өнердегі іні-қарындастары жайлы да айтты.

– Өнерге жаңа келген, жылт етіп өлең айтып, бір бәйгеде бағы жанған, мемлекеттік марапаттарды алып, сандары жалаңаш, көкіректерін ашып жүрген өнердегі іні-қарындастарымызды көрген кезде, бұл атақты алмай-ақ қойған жақсы ма деп қаламын кейде. Әйтпесе көрген жерде сәлем беріп, суретке түсіп, алғысын айтып жатқан халықтың құрметінен артық атақ жоқ деп ойлаймын.

Кезінде Шәмші, Мұқағалилар мемлекеттен атақ-марапат алмаса да, халықтың оларға деген махаббаты сол кезде де, қазір де бәсеңсіген емес. Керісінше, жыл өткен сайын даңқы биіктей бермесе, кеміп қалған жоқ. Сондықтан адамның өнері халықтың мойындауымен, баға беруімен өлшенеді деп ойлаймын.

https://kaz.365info.kz/khalaj-khyryp-tastajmyn-balgynbek-imashev-ozin-uaxabist-degenderge-zhauap-berdi-293369

Әйтпесе, қазір атақтың кімге қалай беріліп жатқаны белгілі ғой, әке-көкемен, басқа-басқамен дегендей.

Халықтың махаббатына ие болу оңай дүние емес. Халықтың құрметін ақшамен сатып алу мүмкін емес.

Сақалдан бастап еркектікке дейінгі көзқарас: Көгілдірлердің көбейіп кеткені сол ғой…

– Сақал жараспайтын еркек болмайды. Сақал әйелге ғана жараспайды. Ал енді жарасымды қою, қоймау деген мәселе әркімнің өз еркі. Әйтпесе, айта берсең, сақалдың пайдасы өте көп.

Еркекке сес береді, мидың жақсы істеуіне күш береді, сақалды тарамдап, сипалап отыру жүрекке массаж сияқты әсер ететіні болады. Сақалды былай қою керек деп ешкім ешкімге нұсқау бере алмайды.

Қазақта “сөздің көркі – мақал, ердің көркі – сақал” деген сөз бар.

Қазіргі қоғамда қызтекелердің көбейіп кетуі еркектердің сақалды қыра бергенінің себебі. Сақалды қырған сайын еркектік қасиетке келетін зиян көп.

Сыртқы форма сыртқы пішін, ал негізі адам ішімен алысып, нәпсісімен күресіп, жүрегіндегі дертті емдеуге тырысуы керек, – деп әңгіме шетін бір қайырған Балғынбек Имашаев ұл тәрбиесіндегі үш мәселенің де басын қаузады.

– Қазір атаның тәрбиесі кемшін болып жатыр, әрине, ата түздікі, еркек – мал табудың адамы, тәрбиеге көп көңіл бөле алмайды. Бірақ оның әр істеген ісі баланың көз алдында. Бала әкесіне еліктейді. Ал қазір біз қыздарымызды ана болуға, ұлдарымызды бір отаудың егесі болуға дайындап жатқан жоқпыз.

https://kaz.365info.kz/bal-ynbek-imashev-k-jeusiz-tse-de-yzymdy-ytaj-a-bermes-edim-video-246614

Екінші себеп – отбасынан кейінгі тәлім-тәрбие беретін жерлердің барлығында дерлік әйелдердің көбейіп кетуі. Бұрын балабақшадан бастап, мектеп, университетке дейін ер азаматтар көп болатын. Қазір бәрі керісінше.

Үшіншісі, мемлекеттің жүргізіп отырған гендерлік саясаты.

Бізге гендерлік емес, керісінше, еркектің мәртебесін көтеретін саясат жүргізетін уақыт келді деп ойлаймын. Министр қылып, телевидениенің басшысы қылып, әр жерге әйелдерді сүйрей бергеннен, қоғам берекелі болып жатыр ма? Жоқ!

Мемлекеттің тарапынан әйелдерге баса көңіл бөлініп, еркектің құқығы тапталып жатыр.

Ажырасқан жағдайда әйел кінәлі болса да, бүкіл азаптың бәрін еркек тартып, алимент төлеп, әйел балаларын, үйін, мүлкін алып қалады. Балаларға деген құқықтың өзі еркекке берілмей жатыр.

Жақсы көрген басқа еркегіне тиіп, бұрынғы ұнатпаған еркегінен алимент алуды өзінше пайда көріп, тайраңдап жүрген қыз-келіншектерді өзім араласқан ортамда да көріп жүрмін, жүрегім ауырады. Үкіметтің еркектерді сонша солпайтып, төмендетіп қойғанына.

Осы үш себептен арылу мүмкін емес шығар, десек те соны түзеуге күш салуымыз керек, – дейді Мatritca сайтына берген сұқбатында Балғынбек Имашев.

https://kaz.365info.kz/ajtystyn-berekesin-khashyrgan-kimder-zhyrsin-erman-agynan-zharyldy-296755

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз