Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ережелерді өзгерткен хиджаб: БАӘ мәнерлеп сырғанаушысы үшін неліктен жеңілдік жасалуда

825

Өздеріңіз білетіндей, Ресейдің Красноярск қаласында қысқы Универсиада басталды. Бұл жолғы қысқы универсиада өзгелерден ерекше болып тарихта қалмақшы.

Анықтамалық ақпарат: Конькишілердің Халықаралық одағы белгілеген ережелер бойынша, егер сіздің басыңызда бас киім болса мұзда сырғанауға болмайды — бұл жарақат алу қаупін тудырып, немесе сырғанауға кедергі келтіруі мүмкін.

Бірақ Захра мұсылман және ол сырғанаған кезде де хиджаб киіп жүреді. Соның кесірінен көп рет айыппұл ұпайын алған.

Бірақ жақында Захра ISU-дан кері байланысқа қол жеткізді. Ережелер өзгертілді.

Бұдан былай тамаша спортшының хиджабы бар екен демейді, енді оның спорттық элементтерді қалай орындайтыны басты назарда болады.

Айта кетейік, Захра 24 жаста. Және оның сөзінше, БАӘ-де мәнерлеп сырғанаумен айналысу өте қиын.

Соқыр наным-сенімнің кесірінен емес. Жай ғана жаттығу үшін қарапайым алаңдар жоқ. Тек Абу-Дабиде бір ірі сырғанақ бар, бірақ оның өзі бірінші кезекте хоккейге арналған.

Бірақ жол бастаушыларға әрдайым қиын, сондықтан Захра жабықпайды, алдында үлкен мақсаттар қояды — 2022 жылы Пекин Олимпиадасына қатысуға қол жеткізу.

Дәл сол себепті ол көп жаттығып жатыр. Ал жақын күндері қызды үлкен сынақ күтіп тұр — Универсиадада өнер көрсетуі.

Батыл спортшыға тек сәттілік тілейміз және қолынан келеді деп сенеміз, басқаша болу мүмкін де емес, себебі ол үшін тіпті ережені де өзгертіп жіберді ғой.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз