Түркияда соңғы аптада ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гюленге қатысы бар делінген бір мың жеті жүзден астам адам тұтқындалды. Олардың ішінде 1100 адамға тергеу жүргізілмекші. Ал қалғандары уақытша ұсталды деп хабарлайды түрік ІІМ.
Өткен аптада Анкарада фотокөрменің ашылу салтанаты кезінде Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов оққа ұшты. Оған шабуылды бұрынғы полицей Мевлют Алтынташ ұйымдастырған. Ол биыл жазда Түркияда қарулы төңкеріс ұйымдастырылмақ болды деген күдіктілер қатарында жұмыстан шығарылған. Түркия президенті Режеп Эрдоған қарулы шабуылдың артында Гюлен басқаратын FETO ұйымы тұр деп мәлімдеді. Оппозиционердің өзі бұл айыптауларды жоққа шығарады.