Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Энергетика министрлігі көмір тапшылығын болдырмау үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты

Алдымен Қайрат Рахимов өткен жылы елімізде болған көмір тапшылығы мәселесін еске алды.

«2017 жылдың қыркүйек айында ауа райы күрт салқындап кетті. Оған азаматтар мен коммуналды сектор дайын болған жоқ. Оның ішінде жергілікті атқарушы билік бұл мәселеде маңызды рөл атқарды.

Соған қарамастан өткен жылы шұғыл түрде біздің министрдің (Қанат Бозымбаев, энергетика министрі – автор) басқаруымен арнайы штаб құрылды.

Оған мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы биліктің өкілдері кірді», – деді ол.

Осы орайда Қайрат Рахимов өткен жылы Қарағанды, Алматы облыстары мен Астана, Алматы қалаларында болған көмір тапшылығы мәселесі биыл қайталанбас үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.

«Біз әрбір өңірдің бір айда қанша отын тұтынатынын анықтадық. Оның ішінде коммуналды сектордың қанша көмір жағатыны ескерілді. Аталған жоспар көмір өндіруші кәсіпорындар және «ҚТЖ жүк тасымалы» компаниясымен бірлесіп бекітілді.

Сонымен қатар, біз өңірлермен тура байланыс орнатып, жұмыс істеп жатырмыз. Олармен көмірді көтерме және бөлшек сауда сату, оның бағасын

анықтау, өнімді жеткізу орындарын нақтылау, оны уақытында жеткізу әрі қарапайым азаматтарға аталған өнімнің қайда сатылатыны туралы мәліметтерді

беру мәселелерін анықтап жатырмыз», – деп түйіндеді сөзін Қайрат Рахимов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз