Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Енді ұн жоқ…”. Жабылу алдындағы кәсіпорындар Үкіметтен көмек сұрады

486

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында бидай жеткілікті мөлшерде жиналған. Тек оны тасымалдайтын вагон жоқ. Салдарынан өңірдегі ұн шығарумен айналысатын 50-ге тарта кәсіпорын таяуда жұмысын тоқтатуы мүмкін.

Тығырыққа тірелген кәсіпорын қожайындары бұл проблеманы шешуге Үкіметтің араласуын сұрап, дабыл қақты.

«Қазір зауыттар қордағы соңғы бидайды өңдеп жатыр. Оның өзі бір-екі күнге ғана жетерлік. Ал шикізаттың жақын арада жеткізілуі екіталай. Өйткені, вагондардың барлығы Ресейде», – дейді кәсіпкерлер.

Бұл мәселені әр зауыт өз бетінше шешуге әрекеттеніп көрген. Бірақ, нәтиже шықпаған. Облыстағы ең ірі компаниялардың бірі «Алтын Дәннің» өзі тасымал мәселесінен қиындық көруде. Аталған зауыт тәулігіне шамамен 15 вагон шикізатты қажет етеді. Ал бидайды жеткізіп беруі тиіс «Астық-Транс» әзірге тек уәде берумен шектеліп келеді. Вагондардың нақты қай күні босайтынын дөп басып айта алмауда.

https://kaz.365info.kz/ol-bylaj-goj-maman-dollar-men-benzinnin-nege-khymbattaj-beretinin-ajtty-282179

Онымен қоса, екі айдан бері тапсырыс қабылдауды доғарған.

Мамандардың айтуынша,

жағдай жөнге келмесе қамбадағы бидай шіріп кетуі мүмкін.

«Диқандар өнімін сата алмай отыр. Өйткені біз ала алмай отырмыз. Бұл мәселені тіпті үлкен компаниялар да шеше алмауда. Себебі вагон жоқ», – дейді «Алтын Дән» ЖШС басшысы Бахарам Әбдікәрімов.

Бизнесмендерді тығырыққа тіреген  «Астық- Транс» Қазақстандағы бидай тасымалдайтын жалғыз компания. Оның өзі қазір Ресей Федерациясының меншігіне өтіп кеткен.

https://365info.kz/2015/09/300-te-ge-t-ratyn-nan-a-haly-rmeti-arta-ma/

«Халыққа айлық төлеуіміз керек, салық төлеуіміз керек. Мұның барлығы тоқтайды. Себебі зауыт тоқтайды», – дейді Бахарам Әбдікәрімов.

Түйіткілді облыс деңгейінде шешу мүмкін еместігін айтқан кәсіпкерлер бұған үкіметтің араласуын сұрап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз