Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

“Енді не дейсіңдер?”. Қыдырәлі Болманов “Сүгірдің термесіне” қатысты тағылған айыпқа жауап берді

Амандық Көмеков кезінде Болмановтың қатесін түзеп бергенін мәлімдеді. Бірақ Болмановтың өзінің “ескертуіне” құлақ аспағанын айтып налыды.

“Қыдырәлі Болмановтың “Сүгірдің термесі” деп орындап жүрген термесі Елбайдың термесі. Оның ішінде бір ауыз Сүгірдің сөзі жоқ. Бұл вариантты Қыдырәлі Голливудқа барар алдында Ақтауға барған сапарында Секен Тұрысбеков екеуі біздің үйде екі күн қонақ болып, сонда Қыдырәліге Сүгірдің сөзінің орнына Елбайдың сөзін салып жазып бергенмін”, – деген Көмеков кезінде бұл термені эстрадаға өзінің әкелгенін мәлімдеді.

“Ал Қыдырәлінің орындап жүрген “Сүгірдің термесінің” Сүгірге сөзінің де сазының да қатысы жоқ. Ол Бәубек Елбайдың сөзі, сол Көшкі Омар жыраудың сазы, өңдеген А. Көмекұлы. Бұл тұрғыда Қыдырәлі “иттің ағы не, көгі не!”, немесе “соқыр тауыққа бәрі бидай” – деген көзқараста ма, әлде білмей ме, әйтеуір Сүгірдің термесі деп айтып жүр”, – дейді Амандық Көмекұлы.

Бұл ретте Қыдырәлі Болманов елді шулатқан жазбадан хабарсыз екенін айтты. Десе де ол “Сүгірдің термесін” Амандық Көмековтен алғанын растап отыр.

“Сүгірдің термесінің” сөздері «Бес ғасыр жырлайды» кітабынан алынған, мақамы Сүгірдікі. Оны маңғыстаулық жыршы, жырау Амандық Көмековтен алған болатынмын. Сөздерінің өзі «Ауылға да Сүгір-ай келді деп» басталмай ма? Енді не дейсіңдер? Мен тек сөздерін ауыстырдым. Мақамы сонікі”, – деп жауап берді Болманов.

Бұдан кейін продюсер маңызды жиналысы бар екенін айтып, бұл туралы кейінірек тарқатып беретінін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз